Қазақстан үшін маңызды оқиға. Министр техникалық реттеу туралы заңды түсіндірді

24 Желтоқсан 2020, 19:28
2003
Бөлісу:
Қазақстан үшін маңызды оқиға. Министр техникалық реттеу туралы заңды түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламент «Техникалық реттеу туралы» заңның жаңа редакциясын қабылдады, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.

Бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға. Заңнамамен біз техникалық реттеу жүйесін түбегейлі өзгертеміз, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылауды мүлдем жаңа деңгейге шығарамыз. Министрлік құрылғаннан бері біздің негізгі міндеттеріміздің бірі ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету болды. Бұл бір жағынан стандарттарды жетілдіруді, екінші жағынан сапасыз және қауіпті импорттан қорғауды білдіреді. Шынында да, тұтынушылардың денсаулығы да, отандық өндірушілердің де мүдделері алдығы орында, - деп атап өтті министр.

Сұлтановтың сөзінше, нарықтағы сапасыз тауарлармен күресу өте қиын болды. 

Оларды дүкен сөрелерінен бір уақытта алып тастау іс жүзінде мүмкін емес болып шықты. Өнімнің сапасына қатысты кез келген іс тауарға емес, өндірушіге немесе сатушыға бағыталады. Аталғын істі сұрыптап болғанша, барлық сапасыз тауар сатылып кетеді. Бұл мәселені біздің тұрақты кеңесшілеріміздің бірі - Автохимияны өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының мүшесі Dauren Aikumbayev бірнеше рет талқыға салған болатын. Ол сонымен қатар мәселені шешудің оңтайлы әдістерін ұсынды. Енді заң бойынша біз бақылауды субъектілерден объектіге ауыстыратын болдық: сатушыдан/өндірушіден өнімнің өзіне. Процедура келесідей болады: күдікті өнімдердің үлгілері алынып, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Егер аталған күдік расталса, онда өнім автоматты түрде нарықтан алынады. Яғни, енді біз дүкен сөрелерінен стандарттарға сәйкес келмейтін сапасыз тауарларды тез арада алып тастай аламыз. Ал сертификаттаудан өтпеген тауарларды шығаруға тыйым салынады, - деп түсіндірді ол.

Министр қазіргі заманғы бизнес-процестердің көпшілігін цифрландыру бизнесті тексерумен емес, ақпараттық базалар арқылы интернеттегі өнімдердің бастапқы қадамдарынан бастап бақылауға мүмкіндік беретінін айтты.

Біз сәйкестікті бағалау рәсімдері және сертификаттау процестерін цифрландыруға ауыстырамыз. Мысалы, шілде айында аккредиттеу бойынша барлық қызмет цифрлық форматқа ауыстырылды. Біз сондай-ақ міндетті фото-және бейнетіркеу сынақтарын енгіздік. Қазір біз техникалық реттеудің бірыңғай тізімін қалыптастырудамыз, ол келешекте Еуразиялық одақ елдерінің базаларымен интеграцияланатын болады. Тиісті зертханалық тәжірибені дамыту өте маңызды бағыт болып табылады. Біз «бір рет сыналған - барлық жерде танылған!» қағидасына қол жеткізгіміз келеді. Бұл біздің сынақтарымыздың нәтижелері ЕАЭО елдерінде ғана емес, үшінші елдер нарығында да танылуы мақсатында жасалған. Нәтижесінде біздің экспорттаушыларға уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, - деп жазды ол.

Бақыт Сұлтанов заң жобасымен жұмыс істеген барлық сарапшы тобына және кеңес берген бизнес-қоғамдастықтың барлық өкіліне ризашылығын білдірді.

Тағы бір жаңарту - ерікті сертификаттау жүйесі. Бизнес қауымдастық қауіпсіздік пен сапаның барлық талабына жауап беретін сертификатталған өнім тұтынушылардың сенімін тудыратынын түсінуі керек. Мен тұтынушыларды тауарлардың сапа сертификаттарының болуына назар аударуға шақырамын. Осы Заң жобасымен жұмыс істеген барлық сарапшы тобына және бізге кеңес берген бизнес-қоғамдастықтың барлық өкіліне ризашылығымды білдіргім келеді. Олардың қатарында «Казэнергокабель» АҚ Бас директоры, «Қазақстан кабель зауыттары Қауымдастығы» ЗТБ өкілі Владимир Бобров, «Атамекен» ҰКП өкілі Жазира Шуйкебаева, «Сертис-М» ОПС ПК директорының орынбасары Ольга Суворова, «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов және т.б., - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы