Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін, деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Твиттердегі парақшасында.
Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін, - деп жазды Мемлекет басшысы.