Қазақстан студенттерінің республикалық слеті өтті

6 Қараша 2020, 20:15
1786
Бөлісу:
Қазақстан студенттерінің республикалық слеті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слеті өтті.

Іс-шараға онлайн-платформа арқылы интерактивті режимде елдің барлық өңірінен 300-ден аса жастар, соның ішінде 100-ден астам ТжКБ мен ЖОО жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, жастар және студенттік ұйымдардың көшбасшылары, жастармен жұмыс департаменттерінің директорлары, ЖОО проректорлары қосылды.

Республикалық слеттің аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы саясаты комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов сөз сөйледі. Ш.А. Байманов өз сөзінде студеттік қозғалысты 15-жылдығымен құттықтап, студент жастардың елдің дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың өзін-өзі басқаруын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау бойынша және т.б. жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Г.Шиповских, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О.Т.Ордабаев, университеттер басшылығы және еліміздің студент жастары  кездесіп қазақстандық білімді дамыту және заманауи сын-қатерлердің білім сапасына әсерін, кадрлардың біліктілігін көтеру, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін жаңа форматта ашық талқылады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша ұсыным әзірленіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында  мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Одан басқа, слёт аясында «Ең үздік жастардың өзін-өзі басқаруы», «Дебаттық турнир» конкурсының жеңімпаздары, «Қазақстан алтын жастары» сыйлығының лауреаттары және т.б. арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы