Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Марат Сыздықов пен Александр Панкиннің қатысуымен Қазақстан-Ресей консультациялары өтті.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ ТМД, ҰҚШҰ және ЕАЭО желісі бойынша екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, - делінген таратылған ақпаратта.