Қазақстан-Ресей прокурорлары құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады

14 Сәуір 2021, 09:29
1274
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей прокурорлары құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Cапар барысында Ресейдің бас прокуроры Игорь Красновпен кездесті.         

Қадағалау ведомстволарының басшылары ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және келісімдік-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.      

Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенция шеңберіндегі өзара көмектің өзекті аспектілерін қарастырды.         

Ресейдің Тергеу комитеті мен Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді.         

Бас прокурор Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қылмыстық сот ісін жүргізудегі жаңалықтар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының барлық негізгі шешімдерін прокурорлардың электрондық форматта келісуі айтылды.         

Мұндай тәртіп прокурорларға алғашқы сатыда азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың жолын кесуге және олардың қылмыстық процесс шеңберіне заңсыз тартылуына жол бермеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.          

Ол жинақталған тәжірибемен бөлісуге дайын екенін білдірді.         

Ғизат Нұрдәулетов бұдан басқа ресейлік әріптестерімен трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, экономикалық контрабандаға және заңсыз ойын бизнесіне қарсы бірлескен іс-қимыл жөніндегі жұмыстың келешек мәселелерін талқылады.         

Тараптар қылмысқа қарсы күресте екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.                   

 

Өзгелердің жаңалығы