Қазақстан-Пәкістан әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

12 Тамыз 2021, 15:04
1721
Бөлісу:
Қазақстан-Пәкістан әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Раза Қазақстанға ресми сапармен келді. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан-Пәкістан әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қорғаныс ведомствосында генерал Надим Разаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қабылдады.

Кеңейтілген құрамда генерал Надим Разамен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов та кездесті.

Қазақстан-Пәкістан әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және кадрлар даярлау, БҰҰ миссияларында бітімгершілік контингентін бірлесіп өрістету саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.

Қазақстан-Пәкістан әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Жұмыс сапары шеңберінде генерал Надим Разаның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне баруы жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы