Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты - Шәукенова

2 Желтоқсан 2021, 09:56
1880
Бөлісу:
Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты - Шәукенова
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова "қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен әлеуеті" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтты. 

Биылғы 17 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың телефон арқылы әңгімелесуінде Өзбекстан көшбасшысының Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуіне келісті. Ол жақын арада жүзеге асырылады. Қазір екі елдің дипломаттары қарқынды жұмыс істеп жатыр.  Олар мемлекеттік сапардың тәжірибелік жағын қарастырып жатыр. Ал біз көшбасшылар арасындағы жоғары диалог екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деп ойлаймыз- деді Шәукенова.

Ол атағандай, мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізі достастық қарым-қатынасты арттыратын халықаралық құқықтық құжаттар.

Біздің елдер үшін 1998 жылы қол қойылған "Мәңгі достық" туралы құжат пен стратегиялық серіктестік туралы құжаттар болып саналады. Екіжақты өзара ынтымақтастық біраз саланы қамтиды. Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты. Осылайша, өңірдегі тиімді екіжақты ынтымақтастықтың үлгісіне айналды,- деді Зарема Шәукенова. 

Шараны Өзбекстан елшілігі Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырған.

Өзгелердің жаңалығы