Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы аясында өтетін «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының бас серіктесі жобаның маңыздылығын түсіндірді.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік қызметінің басшысы Мирас Іргебаев айтып берді.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Корпоративтік қызметтің басшысы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев «Samruk-Kazyna Trust» қоры үшін балаларға қолдау көрсету, соның ішінде сапалы білім беру арқылы қолдау көрсету өте маңызды екенін атап өтті.
Ол былтыр қор «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан білім беру саласында 4 жобаны іске асырғанын атап өтті.Педагогтарымызды дайындау сапасын жақсартып, осы мамандықтың мәртебесін, мұғалімдердің имиджін көтеру керек. Бұл жоба біз үшін жай ғана конкурс емес, ол тұтас бір бағдарлама. Сондай-ақ жобаға қатысқан мұғалімдер арқылы елдің білім саласында оң өзгерістерге себеп болуы керек. «Қазақстан мұғалімі» сыйлығы педагогтар үшін қосымша ынталандыру болады, ал конкурс қорытындылары бойынша 30 үздік ауыл мектебі алатын гранттар оқу орындарындағы білім беру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Іргебаев.
Қор елдегі инклюзивті білім беру саласына да көп көңіл бөледі. Атап айтқанда, «Әр алуан – бірақ тең» деген жобамыз осының дәлелі. Жоба өңірлердегі мектептерде психологиялық-педагогикалық кабинеттерді, ресурстық орталықтарды ашуға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру аясында ел бойынша 10 500 ерекше балаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар бейімделген дене шынықтыруды дамытуға да баса назар аударылып отыр, - деп айтты ол.
Еске сала кетейік, «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына өтініштер 15 тамызға дейін қабылданады.