Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су мәселесін талқылады

28 Қыркүйек 2021, 16:02
13505
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су мәселесін талқылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында «Экология және көгалдандыру саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында пленалық сессияда трансшекаралық су мәселесі талқыланды.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, трансшекаралық суды сақтауда Ресеймен мен Қазақстан Үкіметі арасында жасалған келісімнің маңызы зор.

Кез келген елдің экономикалық дамуы су ресурсымен қалай қамтылғанына байланысты. Қазақстанның жерүсті су ресурстары орташа есеппен 100 шаршы км-і құрайды. Оның 56 шаршы км ғана республика территориясында қалыптасады, 46 шаршы км-і өзге мемлекеттерден келеді. Сумен қамту бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде ең соңғы орында. Климаттық ерекшелікке байланысты республиканың кейбір аймақтарында жерүсті судың 90 пайызы тек көктемгі уақытта ғана жүреді. Оған қоса жерүсті су ресурстары республикада біркелкі бөлінбеген. Сондай-ақ ірі өзендердің барлығы трансшекаралық болып келеді. Соған байланысты трансшекаралық суды пайдалануда халықаралық тәжірибеге сүйенуге тұра келеді, - дейді Н. Алдамжаров.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын трансшекаралық суды пайдалану мен басқару өзекті проблемаға айналуда әрі масштабы кеңейе түсуде. Оларды шешу үшін көптеген халықаралық және жергілікті ұйымды тару қажеттілігі туындап отырған көрінеді. Трансшекаралық су ресурстарының негізгі проблемасы суды ластау, судың маусымдық бөлінуі және басқа да қолайсыз үрдістер екен. Дегенмен, үкіметаралық келісім аясында суды сақтау мен оны дұрыс пайдалануда оң өзгерістер байқала бастаған.

Жиын барысында Есіл, Ертіс, Жайық, Қараөзен сияқты трансшекаралық өзендердің экологиялық проблемалары қаралды. Сондай-ақ оны шешу жолдары ұсынылды.

Ресейлік Strong су ресурстары федералды агенттігі басшысының орынбасары Вадим Никаноров трансшекаралық суды пайдалану мен сақтау жөнінде екі ел арасында жасалған келісімнен кейін көптеген оң өзгеріс болғанын айтады.

Келісімнен жасалғалы жұмыс тобының архитектурасы жасалды және үнемі жиын өтіп тұрады. Суға қатысты қандайда бір қатер немесе төтенше жағдай болғанда бір-бірін хабарландыру жолға қойылды. Оған қоса суды қорғау бойынша түрлі шаралар өткізіліп, трансшекаралық суды ластауды төмендету жөнінде мониторинг өткізіліп тұрады, - деді Никаноров.
Сонымен қатар ол траншекаралық суды сақтау жөніндегі екі жақты диалог келешекте біріккен арнайы бағдарламалар мен нақты жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жасауға жол ашатынын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы