Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан аумағында арнайы операциялар күштері департаментінің басшылығымен Қазақстан және Өзбекстан Қарулы күштері тау даярлығы бөлімшелерінің бірлескен жаттығуы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Жаттығуға Қазақстан армиясы атынан ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы тау даярлығы орталығының әскери қызметшілері қатысты.
Екі елдің бөлімшелері "Фориш" полигонында бірлесе отырып тауға шығу дайындығын ұйымдастырудың теориялық мәселелерін, таудың биіктіктін, арнайы және оқ ату жаттығуларын ұйымдастыру әдістерін, жорық пен шыңға шығу мәселелерін пысықтады, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, таулы аймақта қиындық туғызатын алғашқы медициналық көмек көрсету мен жаралыларды тасымалдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Екі елдің әскери қызметшілерінде бірлескен жұмыстар жүргізуден тәжірибелері мол. Өткен жылдың желтоқсан айында тау даярлығы бөлімшелері жаттығуды дәл осы Өзбекстанның таулы полигонында өткізген болатын.