Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Р.Казакбаев Ауғанстаннан 14 қырғыз азаматын, соның ішінде олардың дипломаттарын қайтаруға бауырлас көмек көрсеткені үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ҚР Үкіметіне алғысын білдірді.
Министрлер АИР-дағы ахуалдың дамуын мониторингілеу бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау және жедел мәселелерді шешудегі одан әрі бірлескен шаралар туралы уағдаласты.