Қазақстан мен Қырғыз еліне қатысты маңызды заң қабылданды

10 Наурыз 2021, 11:08
2824
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғыз еліне қатысты маңызды заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Қырғыз арасындағы көші-қон туралы заң жобасы қабылданды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, келісімге 2019 жылғы 27 қарашада Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте қол қойылған.

Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Нақты айтсақ, статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік бар. Азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне тәжірибелік көмек көрсетеді. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықталады. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз арналарды жоюға мүмкіндік береді, - дейді Тұрғымбаев.

Қырғыз Парламенті келісімді 2021 жылы 17 ақпанда бекіткен. 

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам адам келген. Ал осы жылы бұл көрсеткіш екі айда 22 мыңнан асты. 

Қазақстаннан былтыр 175 мың азамат көрші елге барған. Биылғы жылдың басындағы екі айда 20 мыңнан астам адам көрші елге сапар шекті. Қазіргі кезде Ішкі істер министрлігі көші-қон бойынша 23 халықаралық келісімді бекітті. Халықаралық деңгейде тағы да 8 келісім дайындалып жатыр. Осы құжаттар нәтижесінде заңсыз көші-қон бойынша ақпарат алмасу жолға қойылды. Адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесі шешілді. Шетелдіктердің Қазақстан болу мерзімі анықталады. Қос азаматтыққа жол бермеу мәселелері шешілді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы