Қазақстан мен Италия әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Италияның қорғаныс министрліктері халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдері полковник Олжас Құсайынов пен полковник Лука Витали кездесті.<br> </h4> <br>

 20 Қазан 2021 2021, 20:06
20 Қазан 2021 2021, 20:06
4373

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Италияның қорғаныс министрліктері халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдері полковник Олжас Құсайынов пен полковник Лука Витали кездесті.

Тараптар әскери ынтымақтастық, оның ішінде бітімгершілік қызмет, әскери білім беру, сондай-ақ әскери-теңіз шеңберіндегі ахуал мен перспективаларды талқылады.

Штабтық келіссөздердің қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. 

Сапар аясында Италия делегациясы Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Делегация басшысы университет тыңдаушыларына халықаралық геостратегиялық мәнмәтіндегі Италия қорғаныс позициялары жөнінде дәріс оқыды. Шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Наверх