Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Франция Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасына Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселелері жөніндегі министр-делегат Франк Риестер мырзаның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші Вице-министрі Марат Шоранов пен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселелері жөніндегі министр-делегат Ф. Риестердің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттері туралы Декларацияға қол қойылды.
Бұл Декларацияны қабылдау Қазақстан мен Франция арасындағы денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін береді, - деп атап өтті кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице - министрі.
Сондай-ақ, тараптар денсаулық сақтаудың өзекті бағыттары бойынша, оның ішінде академиялық ұтқырлық, медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, онкология және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, медициналық технологиялар мен инновациялардың бастапқы медициналық-санитариялық көмегі және т. б. салаларда ынтымақтасуға ниет білдірді.