Қазақстан мен Еуроодақ энергетика саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті

30 Наурыз 2021, 08:40
1669
Бөлісу:
Қазақстан мен Еуроодақ энергетика саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Еуроодақтың ҚР-дағы Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы, оның ішінде Энергетикалық Хартия шартын жаңғырту үдерісі, сондай-ақ көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдау кезіндегі  метан шығарындыларын мониторингтеу тетіктері шеңберіндегі бірлескен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Свен-Олов Карлссон Энергетика министрін климат мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» атты алдағы бірлескен конференция жұмысына қатысуға шақырды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға келісті.

Қазақстанда Eni, Shell, Total сияқты бірқатар еуропалық компаниялар ауқымды мұнай-газ жобаларында, атап айтқанда Солтүстік Каспий, Қарашығанақ және Доңға жобаларында жұмыс жасайды.

Жыл сайын қазақстандық мұнай экспортының шамамен 80%-ы ЕО елдеріне жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы