Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді.
Оның айтуынша, жуырда екі ел арасында мұнайды Беларуське жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
Келісім Беларусь Республикасы Премьер-министрінің Қазақстанға сапары кезінде жасалды.
Бұл келісім іске асуы үшін ратификациялануы керек. Парламентте ратификациялау жүзеге асырылған соң, индикативті жоспар мен тауарлар тізбесі жасалады. Беларусь еліне тасымалданатын мұнай өнімдерінің түрлері мен көлемі сол кезде анық болады, - деп атап өтті ол.
Министрдің айтуынша, келісім енді тек күзде ратификацияланады. Өйткені Парламенттің жетінші сессиясы жабылды. Сонымен қатар ол бұл келісім елге санкциялық қауіп төндірмейтінін атап өтті.