Қазақстан мен БАӘ арасындағы парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

26 Қаңтар 2021, 21:20
1213
Бөлісу:
Қазақстан мен БАӘ арасындағы парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбеков Біріккен Араб Әмірліктерінің Федералды ұлттық кеңесінің төрағасы Сақр Ғобашпен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында отандық дипломаттың сұхбаттасы Қазақстан Парламенті Мәжілісі сайлауының сәтті өтуі еліміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенімділігін білдірді.

Осы ретте, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың жолдары талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан Парламенті мен БАӘ Федералды ұлттық кеңесі арасындағы достық тобының отырысын өткізу, сондай-ақ екі ел парламенттері мүшелерінің өзара сапарларын ұйымдастыру ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы