Қазақстан мен АҚШ өкілдері әскери ынтымақтастықты талқылады

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті.<br> </h4> <br>

 7 Желтоқсан 2021 2021, 22:20
7 Желтоқсан 2021 2021, 22:20
1143

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті.

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.

Екі елдің өзара іс-қимылы мәселелеріндегі негізгі басымдық әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери-медицинаны және инженер кадрларды даярлау мәселелерін шешуге бағытталды.

Қорғаныстағы өзара іс-қимылдың осы және өзге де аспектілері қазіргі уақытта қол қоюға әзірленіп жатқан 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кезекті бесжылдық жоспарында көрсетілген.

Тараптар жыл сайын жұмыс бабымен өтетін кездесулер барысында екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту үшін сарапшылар нақты бағдарларды жан-жақты талқылап, айқындай алатынын атап өтті.


Наверх