Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
Қазақстан экспортын ілгерілетуге қолғабыс ету – тағы бір маңызды міндет. Еліміз Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын күре жолдардың бойындағы транзиттік-логистикалық хабқа айналуы тиіс. «Нұрлы жол» бағдарламасы және көрші елдер инфрақұрылымдық бастамалары осыған негіз болады. Бұл жұмыста министрлікке айрықша міндет жүктеледі, - деді ол.
Тоқаев үшінші мәселеге Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтуды жатқызды.
Мен осыған дейін айтқандай, бұл – аса маңызды міндет. Біз осы аймақта ерекше мәртебеге ие екенімізді юатыл мәлімдеу алуымыз керек. Бұған толық негіз бар. Атап айтқанда экономикамыз Орталық Азиядағы басқа елдердің экономикасына қарағанда әлдеқайда қуатты. Біз Еуразиядағы басты көлік дәліздері тоғысқан басты геостратегиялық орталықта тұрмыз. Ауқымды экономикалық және демократиялық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Зияткерлік және адами ресурсымыз бар. Халықаралық қауымдастықтың алдындағы абырой, беделіміз жоғары. Осыған орай ОрталықАзияның тағдыры үшін Қазақстанға ерекше жауапкершілік жүктеледі, - деді ол.
Мемлекет басшысы өңірдегі өзекті мәселелерді айқындап, оны шешу кезінде еліміз маңызды рөл атқаратынын айтты.