Қазақстан Қарулы Күштерінің полковнигі ұсталды

29 Мамыр 2021, 12:20
9980
Бөлісу:
Қазақстан Қарулы Күштерінің полковнигі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқық қорғау органдары ҚР Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

2021 жылғы 28 мамырда құқық қорғау органдары ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады. Қалған ақпарат тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты жария етілмейді, - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ғани Нүсіпов.
Полковник Асылбек Сатыбалдинов қызмет барысында жақсы жағынан көрінген қызметкерлердің бірі ретінде сипатталады.
Өзгелердің жаңалығы