Қазақстан Халық партиясы Өскеменде аграрилермен кездесті

21 Желтоқсан 2020, 12:21
1886
Бөлісу:
Қазақстан Халық партиясы Өскеменде аграрилермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Қазақстан Халық партиясы өкілдері мен өңірдің фермерлері және аграрилерімен өткен кездесуінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. 

ҚХП-ның мүшелері Ирина Смирнова мен Жамбыл Ахметбеков еліміздің ауыл шаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шаралары туралы сөз қозғады.

Қазіргі кезде орта және шағын қожалықтар мен фермалардан тұратын агрокластерлер тиімді болып отырғаны атап өтілді. Олар экономикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болып, сол арқылы өзара тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

ҚХП мүшелері Қазақстанның ешкімге ұқсамайтын бірегей аграрлық әлеуеті бар деп есептейді. Ол тиімді сауда саясатын құра отырып, саланы шикізаттық экономикадан өндіруші экономика моделіне ауыстыруға қабілетті.
Өзгелердің жаңалығы