Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылау үшін Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийяртомен кездесті.
Бүгінгі таңда Венгрия Қазақстан үшін Шығыс Еуропадағы дәстүрлі маңызды және перспективалы сауда серіктесі болып табылады. Мәселен 2020 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 9,7%-ға өсіп, $111,8 млн құрады.
Бақыт Сұлтановтың пікірінше, елдер арасында әртараптандыру қажеттілігі туындайды. Қазақстан тарапынан өзара сауда үшін бірқатар ұсыныстар және жалпы сомасы $302 млн болатын 45 өнім атауынан тұратын әлеуетті тауарлар тізбесі ұсынылды.
Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов Қазақстанда сұлы, зығыр, күнбағыс және дәрілік шөптер өсіруге бағытталған органикалық өнімдердің 60-тан астам өндірушісі бар екенін хабарлады. Кәсіпорындардың бір бөлігі қазіргі уақытта ЕО уәкілетті органдарында аккредиттеуден өтуде.
Қазақстан ЕО елдеріне жылына 10 млн еуроға органикалық өнім экспорттайды. Бұл ретте әлеует жылына 200 млн еуродан астамды құрайды. ЕО-да органикалық өнімдерді тұтыну жыл сайын 20 млрд еуродан асады.
Келіссөздер барысында тұтынушыларды қазақстандық және Венгерлік өндіріс өнімдерімен таныстыру үшін онлайн форматта сауда миссияларын өткізу мүмкіндігі қарастырылды.
Бұдан басқа Бақыт Сұлтанов Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті туралы хабарлады, сондай-ақ венгр тарапына стандарттар мен өнім сапасын өзара тану үшін тауарларды ғылыми зерттеуге және сертификаттауға қатысуды ұсынды.
Сондай-ақ ведомство басшысы КТО және трансшекаралық сауда орталықтарын (ЦТТ) құра отырып, ұлттық тауар өткізу жүйесі желісін құру жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді. Венгр тарапына Венгр инвестицияларын тарту үшін «Қорғас» ШЫХО әлеуетін пайдалану, сондай-ақ оны ҚХР нарығына көтерме-бөлшек экспорттау үшін алаң ретінде пайдалану ұсынылды.
Сонымен қатар тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық әлеуетін, су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ геология саласындағы қызығушылықты талқылады.
Елдер арасында көлік сервистерінің тиімділігін, шектес нарықтарға шығу үшін логистикалық инфрақұрылымды өзара пайдалануды, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруды жолға қою қажет. Венгрия үшін бұл Орталық Азия мен Қытай, ал Қазақстан үшін Шығыс және Орталық Еуропа елдері, - деді Сұлтанов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның транзиттік әлеуетін Мажарстан контейнерлік пойыздар құрамында Қытаймен экспорттық-импорттық өнімді жерүсті көлігімен жедел жеткізу үшін пайдаланады (тұрақты контейнерлік пойыздар Сиань, Шэньси және басқа Қытай қалаларынан, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арқылы кері бағытта жүреді).
Сонымен қатар бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Мажар тарапына Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы сауданы дамыту үшін Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру ұсынылды.
Венгрия Конституциясында тамақ құрамында гендік модификацияланған қоспалар болмауы керек деп жазылған. Сондықтан біз Венгриядан сатып алынған барлық өнімнің қауіпсіз екендігіне кепілдік бере аламыз. Біз сертификаттау жүйесін үйлестіру қажет екендігімен келісеміз және біз Түркі кеңесі елдері қолданатын сертификаттарды өзара принцип бойынша тануға дайынбыз, - деп атап өтті Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто.
Сондай-ақ Мажар тарапы елдер арасындағы сауданың өзара іс-қимылы үшін қаржы базасын қамтамасыз ету қажет екенін хабарлады және Еуразиялық Даму Банкіне қабылдау бойынша қолдау сұрады.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда және интгерация министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан өткен жылы өз астанасында Түркі кеңесінің еуропалық бөлімшесін ашу арқылы Венгрияның түркі әлеміне белсенді интеграциялануын қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ Түркі Кеңесіндегі Мажарстанның байқаушы мәртебесі Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ ЕО елдерімен ынтымақтастыққа оң әсер ететініне сенім білдірді.