Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын тапсырды

22 Желтоқсан 2020, 22:04
1794
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Азамат Бердібай «Баян» сарайында Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа сенім грамоталарын тапсырды. 

Ресми рәсімнен кейін орын алған сұхбат барысында Елші Әмірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен достық тілектерін жеткізіп, Қазақстан бұл мемлекетпен ынтымақтастықты арттыруға үлкен мән беретінін айтты.

Дипломат сұхбаттасушын еліміздің өзекті сыртқы саяси және экономикалық бастамаларымен таныстырып, екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайту үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Аталмыш ел Әмір мемлекетіміздің жетістіктерін жоғары бағалап, оған одан әрі өркендеу мен табыс тіледі және Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы