Қазақстан елшісі Грекия СІМ басшысымен ынтымақтастық мәселесін талқылады

24 Қараша 2021, 20:35
955
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Грекия СІМ басшысымен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грек Республикасының Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен кездесті. 

Министр сұхбат барысында Қазақстан мен Грекияның географиялық алшақтығына қарамастан, Еуропа мен Азияны байланыстыратын транзиттік дәліздердің қиылысында орналасу арқылы бір-біріне жақын екенін атап өтті. Грек дипломаты  екі мемлекеттің даму векторларының арасындағы ортақ түйісу нүктелердің байқалатынын растап, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту қажеттігін қолдады. Н.Дендиас осы жұмыстың Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасын дамыту және Грекияның Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылды белсендету жөніндегі ұмтылыстары шеңберінде ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті. 

Өз кезегінде, Елші Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттасының назарын екі елдің негізгі стратегиялық мақсаттарының ұқсас екендігіне аударды. Олар экономиканы декарбонизациялау жолымен көміртектен бейтарап болу, мемлекеттік қызмет саласын жаппай цифрландыру, жаһандық энергетикалық және көліктік-логистикалық желілерге қосылу үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша алынған міндеттемелер арқылы көрініс табады. 

Жоғары деңгейдегі өзара кездесулер мен сапарларды ұйымдастыру бойынша жоспарлар талқыланды. Бұған қоса, тараптар экономикалық және қоғамдық дипломатия саласындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін бірлескен қадамдар жасасуға келісті.

Өзгелердің жаңалығы