Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақта 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жедел ақпарат ұсынды.
Ақпаратта айтылғандай, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында барлық санаттағы шаруашылықтарда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері 114,4 млрд АҚШ долларын құрады және 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 2,3%-ға артты.