Қазақстан дәрі-дәрмекті былтырғыдан 21 пайыз көп импорттаған

14 Мамыр 2021, 04:20
1926
Бөлісу:
Қазақстан дәрі-дәрмекті былтырғыдан 21 пайыз көп импорттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 37,9 млрд теңгеге фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,2% жоғары, деп хабарлайды energyprom.kz.

Инфляция деңгейіне түзетілген нақты өсім 9,1%-ды құрады.

Өңірлер бойынша өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Шымкентке тиесілі: 11,2 млрд теңге – былтырғыдан 36% көп. Жетекші үш аймақ қатарында Алматы облысы мен Алматы бар.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республикада негізгі фармацевтикалық өнімдер шығарумен айналысатын 277 кәсіпорын тіркелген.  Оның ішінде тек 59,6% немесе 165 кәсіпорын жұмыс істейді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ел компаниялары 31,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1% артық (нақты өсім – 9,4%).  Басқа фармацевтикалық өнімдер 2,1 млрд  теңгеге өндірілді.

Өндірістің өсуіне қарамастан, Қазақстанда дәрі-дәрмек импорты да артты.  Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-ақпанында елге 167,7 млн долларға 4,8 мың тонна препарат жеткізілді.  Өсім ақшалай мәнде өсім 2,7%-ды құрады.

ТМД елдерінен Қазақстанға 2,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға жоғары. Олардың ішінде Ресей Қазақстанға медициналық препараттар импорттау бойынша көшбасшы болып табылады.

Импорттың тағы 54,5% алыс шет елдерге тиесілі: 154,2 млн доллар немесе 2,6 мың тонна. Мұнда Қазақстан дәрі-дәрмектің көп бөлігін Қытайдан, Үндістаннан және Польшадан импорттаған.
Өзгелердің жаңалығы