Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «CeoWorldMagazine» журналы білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингісін жариялады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылы 10 мамырда американдық «CeoWorldMagazine» журналы әзірлеген «білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі» туралы мәліметтерді жариялады.
Бұл «рейтингте» Қазақстан Қытай, Малайзия және Әзербайжан сияқты елдерден озып, Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан, - делінген хабарламада.
Басылымның сайтында көрсетілгендей, «рейтинг» ресми мәліметтер мен елдердегі білім сапасын зерттеу негізінде емес, студенттер, өнеркәсіпшілер, бизнес өкілдері және т.б. арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалады.
Сондай-ақ басылым білім алу үшін елдерді таңдағанда тек осы «рейтингті» ескермеу керегін хабарлайды.