Қазақстан-Бельгия: Футболдан ел құрамасы сапында өзгеріс бар

3 Маусым 2021, 11:25
1717
Бөлісу:
Қазақстан-Бельгия: Футболдан ел құрамасы сапында өзгеріс бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан жастар құрамасының Бельгияға қарсы ойнайтын құрама тізіміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бельгия құрамасына қарсы ойынға қорғаушылар Дінмұхамед Қашкен мен Александр Широбоков, жартылай қорғаушы Дінмұхамед Қараман қатыса алмайды. Үш ойыншы да жарақаттарына байланысты оқу-жаттығу жиынына келе алмады.  

Олардың орнын алматылық «Қайраттың» ойыншылары Равиль Ибрагимов пен Арсен Буранчиев, сонымен қатар «Астана» шабуылшысы Владислав Прокопенко толықтырды.  

Айта кетерлігі, 4 маусымда Қазақстан жастар құрамасы Бельгия командасымен кездеседі. Ойын Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтеді. 

Басталуы – елорда уақыты бойынша сағат 19:00-де.

Өзгелердің жаңалығы