Қазақстан балабақшалары мен мектептері қауіптен қалай қорғалады?

18 Мамыр 2021, 12:58
3350
Бөлісу:
Қазақстан балабақшалары мен мектептері қауіптен қалай қорғалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова министрліктің аппарат жиналысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікке қойылатын талаптарды түсіндіріп берді.

Ол Балабақшалар мен мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Үкіметтің қаулысымен (2021 жылы 6 мамырда, №305 қаулы) объектілерді терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Бұл талаптар іске енді, - деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, әр білім беру ұйымына бірнеше талап қойылады.

Әрбір білім беру ұйымы қаулыда көрсетілген негізгі тапсырманың бәрі өздерінің білім беру ұйымдарында қамтамасыз етілуін бақылауы керек. Сонымен бірге бейнебақылау, дыбысты хабарландыру жүйесі, дабыл беру түймешелерінің болуы. Бұл негізгі талаптар. Ал қосымша талаптарға техникалық тексеру құралдары, бақылау жүйесі, күзет сигнализацияларының болуы кіреді, - деп айтты Мелдебекова.

Оның айтуынша, терроризмге қарсы қорғанысты ұйымдастыру нұсқаулықтары да аталған қаулыда көрсетілген. Яғни пропусктік режимді ұйымдастыру, профилактикалық және оқу шараларын тиісті мерзімде уақытылы өзгеріп отыруы, террористік көріністегі қатерлерге қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру. Сонымен қатар терроризмге қарсы қорғану паспортын әзірлеу, объектілерді техникалық жабдықтау.

Бейнебақылау жүйесімен жабдықтау мен стандарттау талаптары БҒМ мен ІІМ-нің бұйрықтарымен бекітілген.

Негізгі талаптары:

  • Бейнебақылаудың бір және одан да көбірек жазылу режимінің болуы;
  • Архивтен жою және өзгертуден қорғау;
  • Бейнежазбаны нақты уақыт режимінде беріп отыруға мүмкіндіктері болуы керек;
  • Бірыңғай нақты уақыт жүйесімен жағдайларды ұйымдастыру;
  • Бейнені бір уақытта бірнеше камералардағы архивте қарауға мүмкіндіктері болуы;
  • Электр қуаты сөндірілген кезде камералардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Адамдар немесе көлік құралдарының нөмірлерін, басқа да аналитикалық функцияларын тану жүйелерімен интеграциялау.

Барлық бейнебақылау жүйесінің ақпаратты сақтау мерзімін 30 тәулік құрауын қамтамасыз ету қажет. Балабақшалар мен мектептерде бейнебақылаумен жабдықтаудың территорияларда көрсетілген. Яғни білім беру ұйымдарының периметрлері бойынша жабдықталуы, негізгі және қосымша кіреберістерде, есіктерде болуы және адамдар көп жиналатын орындарда болуы керек, - деді ол.

Маманның сөзінше, тағы бір негізгі талап – бұл ІІМ-нің жедел басқару орталығының базасына қосылуы. Қазіргі таңда 823 (11,3%) білім беру ұйымы қосылған.

Өзгелердің жаңалығы