Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы KTZ Express АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Игембаев Ляньюньган қаласында өтіп жатқан Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кәсіпкерлер форумында айтты.
«KTZ Express» қызметінің негізгі бағыттары контейнерлік қызмет көрсету, мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыру, топтық жүкті тасымалдау, қоймалық логистика және кедендік ресімдеу. KTZ Express ел арқылы өтетін барлық бағыт бойынша көлемді ұлғайту үшін үнемі жұмыс істейді.
Ол сондай -ақ Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік бағыттар Ресей нарығында жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.Біз айтарлықтай өсуді байқап отырмыз, 2021 жылдың 9 айында транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 795 мың TEU -ды құрады, ал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 28%-ды құрады. 2021 жылдың 9 айында Қазақстан аумағы бойынша «Қытай - Еуропа – Қытай» бағыты бойынша тасымал көлемі 493 мыңнан астам TEU-ді құрады, бұл 41%-ға өсті , - деді Нұрлан Игембаев.
Компания Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдауға көп көңіл бөледі, біз бұл бағытты TMTM деп атаймыз.«Қытай - Ресей – Қытай» бағытында 2021 жылдың 9 айында трафик көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66% -ға өсіп, 47 мың TEU-ді құрады. Қытай-Орталық Азия бағытында 2021 жылдың басынан бері тасымал көлемі 168,2 мың TEU-ді құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ды құрады,-деп қосты ол.
Жыл басынан бері TMTM бойынша трафик көлемі 10 мың TEU құрады, бұл 83%-ға өсті.Сонымен қатар KTZ Express ҚХР-ЕО бағытында Ресей, Балтық жағалауы порттары мен ТМТМ арқылы қосымша бағыттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Олардың ішінде қазақстандық бидайды Түркияға контейнерлік пойызбен және көмірді ашық контейнерлермен Қытайға және Таяу Шығыс, Африка елдеріне әмбебап контейнерлермен экспорттау бойынша жаңа жобалар бар, - деді Нұрлан Игембаев.