Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бауыржан Сартбаев 1966 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген.
2000–2002 жж. ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды.
2000–2002 жж. — ҚР Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары.
2003–2006 жж. — «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.
2006–2007 жж. — Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры.
2008–2012 жж. — «Номад» ЖШС директорының орынбасары.
2012–2013 жж. — «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары.
2013–2015 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары.
2015-2018 жж. - ҚР ПІБ РМК директоры.
2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі лауазымында болды.