«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

22 Мамыр 2021, 17:45
1717
Бөлісу:
«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Халықаралық Түркі академиясы Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында «Ғалым Телғожа Жанұзақ және ономастика мәселелері» атты жиын өткізді.

«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

Әл-Фараби кітапханасында өткен шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, белгілі түрколог, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Телғожа Жанұзақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Әлия Масалимова, ҚазҰУ Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, танымал ғалымдар Әлімхан Жүнісбек, Дандай Ысқақов, Рүстембек Шойбеков, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. 

«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

Алқалы жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген Телғожа Жанұзақтың «Қазақ ономастикасы» атты 5 томдық еңбегінің тұсаукесер рәсімі жасалып, оқырманға жол тартты. 

«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

Іргелі ғылыми еңбек отандық ономастика ғылымы саласының мәселелерін жан-жақты қамтыған толыққанды жинақ болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ кітаптарда ғалымның әр-жылдарда жазған еңбектері жаңа редакцияда ұсынылып отыр.

«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

Айта кету керек, қазақ ономастика саласының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы Телғожа Жанұзақ биыл 94 жасқа толып отыр. Басқосуға жиналғандар ғалымды мерейлі жасымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. 

«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

Келелі кеңеске онлайн желі арқылы да еліміздің әр өңірінен оқытушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып отырды.

«Қазақ ономастикасының» 5 томдығы жарық көрді

Өзгелердің жаңалығы