Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында «ҚазАгро» ұлттық бақылаушы xолдингі және оның еншілес ұйымдарына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары айтылды.
«Жалпы алғанда, аудиттің қорытындысы бойынша xолдингте 47,1 млн теңге сомасына қаржылық құқық бұзушылық анықталды. Квазимемлекеттік сектордың қаражаттары мен активтерін тиімсіз пайдалану - 392,6 млрд теңге, соның ішінде экономикалық шығындар - 206,6 млрд теңге, таза шығындар - 107,0 млрд теңге, жіберіп алған пайда 2,5 млрд теңгені құрайды», - деді Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова.Активтердің өсуіне және мемлекеттік қаражаттың айтарлықтай ықпалына қарамастан, xолдинг шығынға ұшыраған. Соның ішінде 2017 жылы - 126 млрд теңге, 2018 жылы - 119,1 млрд теңге.
«2017-2018 жылдар аралығында мемлекеттік ресурс есебінен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 1,6 трлн теңге бөлінген. Холдингтің еншілес ұйымдарын әлсіз корпоративтік басқару салдарынан жекелеген жағдайларға активтердің тиімсіз басқарылуына жол берілген», - дейді комитет мүшесі.
Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары «ҚазАгро» шығынға ұшырағанға қарамастан xолдинг компанияларының топтарына 4,3 млрд теңге мөлшерінде сыйақы төлеген. Оның ішінде 2017 жылы - 2,0 млрд теңге, 2018 жылы -2,3 млрд теңге.