Қайырымды істер марафоны: 12 аймақта экоакция өтті

27 Шілде 2021, 10:46
2061
Бөлісу:
Қайырымды істер марафоны: 12 аймақта экоакция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 шілдеден 25 шілдеге дейін «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының қатысушылары жазғы қайырымдылық күнін мерекелеу аясында «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» атты ауқымды акцияға қатысты.

Дәл осы күндері волонтерлер мен белсенділер жартастардағы вандалды жазбаларды өшіру, су қоймалары мен танымал туристік бағдарлардың маңын тазалауға атсалысты. Акцияны жергілікті атқарушы органдардың, «Kazakh Tourism» компаниясының, «Jana Dunie» қайырымдылық қоры қолдауымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды.

Қайырымды істер марафоны: 12 аймақта экоакция өтті

Жалпы акцияға 12 аймақ қатысты: Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстарының, сонымен қатар Шымкент қаласының белсенділері атсалысты.

Жазғы қайырымдылық күні және оған арналған экоакция – марафон аясында өтіп жатқан екінші мереке. Бұдан бұрын біз қасиетті Рамазан айының құрметіне мұқтаж жандарды қолдау бойынша акцияны өткізгенбіз, оған ірі супермаркеттер мен дүкендер қосылған еді. Болашақта күзгі және қысқы, сонымен бірге Ұлттық қайырымдылық күнін атап өту аясында басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Ол елдегі марафонға қатысушылардың бәрін біріктірер еді, - деп алдағы айлардағы жоспарын бөлісті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас.

Аумақты қоқыстан, жартастарды жазбалардан, ал су қоймаларын пластик бөтелкелерден тазарту жұмыстарын белсенділер елдегі ең танымал туристік орындарда атқарды: Қоңыр Әулие үңгірі, Сібе көлдері, Рахман қайнарлары, Бөлектау тауы, Шайтанкөл көлі, Ем бұлақ, Каспий теңізінің жағалауы, Иманқараның таулы аңғарлары мен кең байтақ даланың басқа да орындар тазартылды.

Қайырымды істер марафоны: 12 аймақта экоакция өтті

Кейбір аймақтарда бастамашыл топтар экоакцияны өткізу үшін бірнеше локацияны алуды ұсынды. Мәселен, Қарағанды облысында аумақты тазарту жұмыстары бірден үш орында, ал Шығыс Қазақстанда екі орында жүргізілді. «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» - Іле-Алатау немесе Қарқаралы ұлттық паркіндегі жартастарды тазалау секілді санаулы іс-шаралардан басталған осынау акцияның республикалық ауқымдағы жобаға айналғанына қуаныштымыз. Себебі осының арқасында қоғамның назарын экология, біздің табиғатымызды сақтап, әуелгі қалпын сақтау секілді маңызды мәселелерге аудартамыз, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласындағы «Jana Dunie» қорының директоры Әсел Әлиева.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы жылдың ақпан айында басталған болатын. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Алда өткізілетін және өткізілген акциялар, сонымен қатар алдағы іс-шаралар мен конкурстар туралы жаңалықтар мен аңдатпалар туралы ақпаратты «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының qim.kz сайтынан көруге болады. Одан бөлек сайтқа кірушілер нақты уақыт режимінде «Қайырымдылық есептегішін» де бақылай алады: ол қанша адамға көмек көрсетілгенін және елде күніне қаншама игі іс атқарылатынын көрсетеді.

Жыл басынан бері марафонға 2,5 млн астам адам қатысты, нақты көмек 167 мың адамға көрсетілді. Марафонға ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін өзінің жақсы істерін әлеуметтік желілерде #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хештегімен жариялауы керек.

Өзгелердің жаңалығы