Қайта заңбұзушылыққа барған азамат 5 күнге қамалды

28 Қазан 2020, 15:12
1352
Бөлісу:
Қайта заңбұзушылыққа барған азамат 5 күнге қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат құрықталды.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз тұрғыны өткен жылы дәл осылай заңды бұзып, айыппұл төлеген. Биылғы жылы қылмысын қайталаған ол бұл жолы түзеу мекемесінің қоршауынан 3 дана ұялы телефон, 3 дана қуаттағыш құрал, 1 дана құлаққап және 2 дана сим-картаны лақтырмақшы болған. Бүгінде заңды бұзған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 481 бабы 2 бөлігіне сәйкес 5 күнге қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы