Қайрат Нұртастың жұбайы «Әлем ханымы» атанды

25 Желтоқсан 2020, 19:25
4381
Бөлісу:
Қайрат Нұртастың жұбайы «Әлем ханымы» атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы 2020» байқауында жеңіске жетті.

Байқаудың ресми сайтында дауыс беру  желтоқсанның 1-24 аралығында өтті.  Оның қорытындысы бойынша қазақстандық бірінші орынды иеленді.

Қайрат Нұртастың жұбайы «Әлем ханымы» атанды

Актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қолдау білдіргендердің барлығына алғысын айтты.

Бұл сайысқа тағы бір қазақстандық Аяна Сұлтанбекова да қатысқан. 

Қайрат Нұртастың жұбайы «Әлем ханымы» атанды

Жұлдыз Әбдікәрімова байқаудың алғашқы күнінен бірінші орынды берген емес.  Дауыс беру ақылы болды. Бір дауыс үшін 5 доллар төлеу қажет.

Айта кетейік,«Әлем ханымы» байқауы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған тұрмысқа шыққан 18-55 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы