Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Оның айтуынша, мектепке дәстүрлі форматта баратын оқушылардың арасында 15028 жағдай тіркелген.
Оның ішінде, байланыста болған адамдар арасында 1317 науқас анықталды.
Бұл ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7%-ын құрайды. Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттану 1,3 есе төмендеді. Сонымен қатар Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады, – деді Марат Шоранов.
Сондай-ақ ошақтарда 159 мың байланыста болған адам анықталған.
Оның ішінде, 0,8%-да коронавирус инфекциясының оң нәтижесі анықталды, – деп атап өтті вице-министр.
Еске сала кетейік, елімізде коронавирус соңғы екі аптада 11%-ға төмендегені туралы жазған болатынбыз.