Қай өңірінде су тарифтері жоғары екені анықталды

24 Маусым 2019, 11:23
2992
Бөлісу:
Қай өңірінде су тарифтері жоғары екені анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылға қарағанда суық су - 5,7%, ыстық су тарифі - 5,1% төмендеген. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Соңғы айда су тарифтері айтарлықтай өзгермеген. 2019 жылдың мамыр айында еліміз бойынша суық судың орташа тарифі 1 шаршыметр үшін 68,7 теңгені құраған. Ал ыстық судың 1 шаршыметрі 229,5 теңге болған.

Еліміздегі ірі қалалар мен мегаполистер арасындағы суық судың ең жоғары тариф Ақтау қаласында тіркелген. Мұнда судың 1 шаршыметрі 223,9 теңге. Екінші орында 104,8 теңгемен Қарағанды тұр, сонымен қатар 103,8 теңгемен Атырау қаласы үшінші орында. 

Тарифтері ең төмен қалалар: Нұр-Сұлтан (41,6 тг), Павлодар (42,9 тг) және Орал (45 тг).

Бір жыл ішінде суық су тарифтері Өскемен қаласында 7,4% өсіп, 1 шаршы метр үшін 66,5 теңгені құраса, Шымкентте 0,8% көтеріліп, 88,2 теңгеге жеткен.
Ыстық судың ең жоғарғы тарифі Алматыда белгіленген, мұнда ыстық судың 1 шаршыметрі 394,2 теңге, екінші орында Қостанай тұр, онда ыстық судың құны 359,2 теңге, үшінші орындағы Қарағанды қаласында 337,9 теңге.

Ыстық судың ең төменгі тарифтері Павлодар (141,6 тг), Нұр-Сұлтан (147,1 тг) және Талдықорған (186,8 тг) қалаларында белгіленген.


Өзгелердің жаңалығы