Қай аймақтың жас мамандары гранттарын толық өтемей жүр?

27 Шілде 2021, 13:13
1954
Бөлісу:
Қай аймақтың жас мамандары гранттарын толық өтемей жүр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, яғни грантта білім алған қай аймақтың жас мамандары еңбекпен өтеу міндеттерін толық орындамай отырғанын айтты.

Оның айтуынша, 2012-2020 жылдары бітірген 80 604 түлектің (бакалавр, магистратура, докторантура) 38 692-сі еңбектерін өтеп біткендері және өтеп жатқандары бар.

32 200 адам заңда көрсетілген себептерге байланысты еңбекпен өтеуден босатылған. Ал 9 712 адам өтеп жатқан жоқ. Өтеу бойынша шарттық міндеттемелердің бұзылуына байланысты республикалық бюджетке 1,7 млрд теңге аударылды. Талдау нәтижелері бойынша «Серпін» категориясы бойынша оқыған жас мамандардың еңбекпен өтеуі төмен. Оқуды аяқтаған 2 653 түлектің 1 064-і (40%) міндетті орындап жатқан жоқ, - деп атап өтті «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов.

Оның деректеріне сәйкес аймақтар бөлісінде Атырау облысында 74%, яғни 113 түлектің 84-і еңбекпен өтеу міндеттерін орындап жатқан жоқ.

Сондай-ақ Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында 53%, Ақмола облысында 52%. Еңбекпен өтеу міндеттерін атқармаудың төмен көрсеткішісі Ақтөбе облысында байқалып отыр. Яғни 160 түлектің тек 25-і ғана міндетті орындамай жүр. Мониторинг жұмыстарына қыркүйек айынан бастап «Серпін» бағдарламасы бойынша оқыған 45 мың жас маман қосылады, - деп түсіндірді Ибраимов.
Еске сала кетейік, осыған дейін тегін оқыған студенттерге гранттарын еңбекпен өтеу міндеттелетіні туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы