Кавказ мұсылмандарының өкілі Паша-Заде ЕҰУ-дің құрметті профессоры атанды

7 Қазан 2021, 15:43
1227
Бөлісу:
Кавказ мұсылмандарының өкілі Паша-Заде ЕҰУ-дің құрметті профессоры атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Еуразия ұлттық университетіне Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-ул-ислам Аллахшукюр Паша-Заде келді.

Қонақ сапар барысында ЖОО студенттері мен оқытушыларының алдында дәріс оқыды.

Құрметті қонақты таныстыра отырып, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов аса маңызды стратегиялық саладағы Аллахшукюр Паша-Задедің кәсіби қызметі мен рөлі туралы айтып берді.

Кавказ мұсылмандарының өкілі Паша-Заде ЕҰУ-дің құрметті профессоры атанды

Сондай-ақ Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы өз сөзінде университет туралы пікірін білдірді.

Осы университетке кірген кезде, мен түркі халықтарының ежелгі тамырына жататынымды мақтан тұттым. Маған ерекше әсер қалдырған мұражайға бардым. Бұл - біздің мақтанышымыз. Біз - дініміз, тіліміз ортақ халықпыз, мақсатымыз да ортақ. Осының бәрін болашақ ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз, - деді шетелдік қонақ.

Кавказ мұсылмандарының өкілі Паша-Заде ЕҰУ-дің құрметті профессоры атанды

Аллахшукюр Паша-Заде өз дәрісінде Қазақстанның көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Бүкіл Әзербайжан халқының атынан бауырлас Қазақстан халқына алғыс айтқым келеді, - деді ол.

Кавказ мұсылмандарының өкілі Паша-Заде ЕҰУ-дің құрметті профессоры атанды

Кездесу қорытындысы бойынша Аллахшукюр Паша-Заде студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара шеңберінде ЕҰУ ректоры мейманға қызықты әрі құнды дәрісі үшін алғыс айтып, Ғылыми кеңес шешімінің қорытындысы бойынша «ЕҰУ-дің құрметті профессоры» дипломын табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы