Қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр

27 Мамыр 2021, 16:39
7820
Бөлісу:
Қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық процестің жаңа форматы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың жұмысы туралы өткен брифингте айтты.

Азаматтардың қауіпсіздігі Мемлекет басшысының ерекше назарында екені мәлім. Бізге қылмыстың күрт өсуін болдырмау туралы нақты тапсырма берілген. Осы мақсатта кезең кезеңімен жаңа заңдар қабылданып жатыр. Рецидивистердің жауапкершілігі күшейтіліп, ал бірінші рет сүрініп, қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр. Осындай шара өз жеңісін беріп жатыр. Қылмыс саны 5 пайызға төмендеді, - деді Шалабаев.

Оның айтуынша, ұрлық, тонау мен бұзақылық 25 пайызға төмендеді.

Қарақшылық 8 пайызға, мал ұрлығы 6 пайызға, адам өлтіру мен зорлау 5 пайызға азайды. Бірақ қандай да жағдай болмасын босаңсуға болмайды. Жұмыс жалғасып жатыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы