Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Катонқарағайда ауыл туризмі дамып келеді

20 Маусым 2025, 18:44
577
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Катонқарағайлық кәсіпкер "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы туған ауылында туризмді дамытып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында тұратын Бауыржан  Уалханов "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдікпен 8 700 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, туған жерінде қонақ үй ашып, кәсіпкерлікпен айналысуда.

Катонқарағайда ауыл туризмі дамып келеді

Бүгінде оның шағын қонақ үйі — ауыл туризміне қызығушылығы бар қонақтарды қарсы алатын жайлы әрі қолжетімді демалыс орнына айналды. Бұл бастамасы арқылы Бауыржан тек жеке табысқа жетіп қана қоймай, ауыл экономикасының жандануына да үлес қосып келеді.

Кәсіпкер көрсететін негізгі қызметтер:

  • Қонақтарды қабылдау және жайғастыру;
  • Тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын ұсыну;
  • Бөлмелерді тазалау, төсек-жабдықтарды ауыстыру, тазалықты сақтау;
  • Таңғы ас және қажет болған жағдайда ұлттық тағамдар ұсыну;
  • Туристерге жергілікті бағыттар, көрікті жерлер мен табиғи қорықтар туралы ақпарат беру.

Ауыл аманаты – кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Осындай қолдаудың арқасында мен өз арманымды іске асырып, туған ауылымда туризмді дамытып жатырмын. Бұл бағдарламаның шынайы көмегін көріп отырмыз. Елді мекендерді дамытуға бағытталған мұндай бастамалар көп болса екен, – дейді "Ауыл аманаты" жобасының қатысушысы Бауыржан Уалханов.

Катонқарағайда ауыл туризмі дамып келеді

Катонқарағайдың көркем табиғаты мен таза ауасы — ішкі туризмнің маңызды бағыттарының бірі. Уалхановтың бастамасы – бұл өңірде туризмнің әлеуетін арттыруға бағытталған жарқын үлгі.

Катонқарағайда ауыл туризмі дамып келеді

"Ауыл аманаты" бағдарламасы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлік экономиканы әртараптандыруға бағытталған маңызды жоба. Уалханов Бауыржан сынды белсенді азаматтардың арқасында бұл бағдарлама өз нәтижесін беріп келеді.

Өзгелердің жаңалығы