Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында егін егу жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп жазды аltaynews.kz.
14 мамырдағы жағдай бойынша, дәнді дақылдардың көктемгі егісі 17,0 мың га құрады. Бұл жоспарланған алаңның 39,7%-ын құрайды. Дәнді дақылдар - 8,5 мың га, оның ішінде: бидай - 5,3 мың га, арпа - 1,8 мың га, сұлы - 1,4 мың га және қарақұмық - 20 га. Майлы дақылдар - 8,1 мың га құрайды, оның ішінде: күнбағыс - 6,8 мың га, ал рапс - 1,3 мың га.
Сонымен қатар, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша және шекаралас өңірлерді дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру аясында Катонқарағай ауданында алғаш рет соя (бұршақ тұқымдас өсімдік) егілді. Сояның "Бірлік" сұрыпты элиталық репродукциясының тұқымы "Жас қанат" шаруа қожалығының жерлеріне себілді.