Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Миссури штатының Канзас-Сити қаласындағы мектеп оқушысы қатерлі ісікті үш рет жеңіп, коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы «10 WAVY» телеарнасының сайты хабарлады.
Төрт жасында Эспен Дикке (Aspen Deke) жедел лимфобластикалық лейкемия диагнозы қойылады. Дәрігерлердің жағдайы жақсармауы мүмкін деген болжам жасағанына қарамастан, бүлдіршін төрт жыл бойы химиотерапиядан өтіп, сүйек кемігі трансплантациясын жасайды. Осы жылдар ішінде оның ағзасы онкологиялық аурудың үш түрін жеңіп шығады.
Қараша айында 17 жастағы Дикке коронавирус диагнозы қойылады. Ол Рождестводан екі апта бұрын ауруханаға түседі. Содан бері бойжеткен реанимациядан шықпай, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылады. 30 қаңтарда қыз қайтыс болады.
Науқастың ата-анасы коронавирус инфекциясы қатерлі ісік ауруынан әлдеқайда ауыр болғанын айтады.
Онкология жағдайында диагноз қорқынышты болып көрінгенімен, сіз оның не екенін нақты білесіз. Ал коронавирус жағдайында ештеңе белгісіз, - деді әкесі Эрик Дик (Eric Deke).