Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Дохада қалған қазақстандықтар туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Катар мен Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін жауып тастады. Бұл – әскери қауіп төнген жағдайда қабылданатын стандартты шара. Дохаға келсек, сол кезде транзиттік жолаушылар көп болды – олар 1,5-2 күнге қалып қойды, – деді вице-министр.
Әлібек Бақаевтың айтуынша, Қазақстанға 960 азамат елге қайтарылды.
Қазір тағы 300-ге жуық транзиттік жолаушы бар. Доха мен Дубай – тек Қазақстан азаматтары ғана емес, бүкіл әлем жолаушылары үшін транзиттік орталық. Сондықтан бұл сан өзгеріп отыруы мүмкін. Өйткені кейбір авиакомпаниялар рейстерін тоқтатқан жоқ. Тиісінше, жолаушылар Дохаға ұшып келіп, өз рейстерін күтіп отыр, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін СІМ қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.