Қасымбек: Кенші болу үшін үлкен қажыр – қайрат пен еңбекқорлық қажет

<p> </p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің өңірдің көмірі мен металл кендері Қазақстанның индустриялық қуатының өзегі, сонымен қатар аймақтың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының кепілі болып табылады, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек&nbsp;Facebook-тегі парақшасында.

 28 Тамыз 2021 2021, 19:49
28 Тамыз 2021 2021, 19:49
6379

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің өңірдің көмірі мен металл кендері Қазақстанның индустриялық қуатының өзегі, сонымен қатар аймақтың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының кепілі болып табылады, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында.

Кенші болу үшін үлкен қажыр – қайрат пен еңбекқорлық қажет. Бүгінгі мерекеге орай осы салада еңбектеніп жүрген барлық қызметкерлерге қажырлы еңбектері мен мамандыққа деген сүйіспеншіліктері, адалдықтары үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ Қарағанды көмір бассейнінің дамуына үлкен үлес қосқан, барлық ардагер кеншілер мен кеншілер әулеттеріне ерекше алғыс айтамын. Мерекеге орай барлық кеншілерге зор денсаулық, отбасыларына амандық және толайым табыстарды тілеймін!, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Наверх