Қасымбек: «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 73 жоба орындалды

19 Қазан 2021, 19:10
2487
Бөлісу:
Қасымбек: «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 73 жоба орындалды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша екі жыл ішінде 73 жоба орындалды. Биыл тағы 60 жоба іске асырылуда. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

Қолға алынған бұл жобалалар Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарының 49-дан астам ауылдық елді мекендерінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік берді, - деді Жеңіс Қасымбек.
 

Мысалы, Осакаровка кентінде осы 2 жылда көшелер толығымен асфальтталып, жарықтандырылды. 

 

Мектептер мен медициналық мекемелерге жөндеу жүргізілді. Егіндібұлақта ДСК салынуда, сондай-ақ мектеп пен Мәдениет үйін жөндеуге, көшелерді асфальттауға қаражат бөлінді. Ал Ботақарада 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Ақтоғайда мәдениет және демалыс саябағын қайта құру басталса, Шахтерский ауылында хоккей корты пайда болады. Қазіргі уақытта Ақтайлақ ауылындағы медбекетті, Топар кентіндегі аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Келесі жылы арнайы жобаны іске асыру одан әрі жалғасатын болады. Сондай-ақ, бірқатар елді мекенді қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
 


 

 


 

Өзгелердің жаңалығы