Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды

6 Тамыз 2021, 22:18
3748
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Консультативтік кездесу аясында Орталық Азия елдерінің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Гурбангулы Бердімұхамедов және Шавкат Мирзиёев ұлттық тауарлар көрмесін аралады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды

Көрмеде экономиканың түрлі саласындағы идеялар, технологиялар, инновациялар, өнеркәсіптік және өндірістік жабдықтар мен өнімдер таныстырылды. Іс-шараның басты мақсаты – инновациялық технология саласындағы жетістіктерді көрсетуге жағдай жасау, тәжірибе алмасу және Орталық Азия елдерінің серіктестерімен тиімді ынтымақтастық орнату. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды

Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері аймақ елдерінің ұлттық тағамдары халықаралық фестивалінің қонағы болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды

Шара соңында мемлекеттер басшылары бес елден келген өнер шеберлерінің концертін тамашалады.


Өзгелердің жаңалығы