Каспийді тереңдету жұмыстары теңіздің биологиялық өнімділігіне әсер етпейді - профессор

6 Мамыр 2021, 19:14
1779
Бөлісу:
Каспийді тереңдету жұмыстары теңіздің биологиялық өнімділігіне әсер етпейді - профессор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырауда Қашаған кен орнында тереңдету жұмыстарын өткізу туралы онлайн өткен дөңгелек үстел барысында биология ғылымдарының докторы, профессор Аркадий Сокольский айтты.

Каспий теңізінде су деңгейі өте жоғары кезеңдер мен солтүстік Каспийдің мүлдем болмағаны тіркелді ме? Каспий теңізінің тарихында ондай жағдай кездесті. Ол кезеңде Каспий итбалығы, ақ балықтар келген еді. Солтүстік Каспий кезеңі болмаған кезең де болды. Ол - ұлы Бабаджан трангрессиясы. Каспийдің солтүстік шекарасы Махачкала тарапынан өтті. Біз зерттеу жүргізген кезде Каспийдің солтүстігіндегі судың температурасын жазғы және қысқы кезеңдерде байқадық. Соңғы 60 жылда жазғы кезеңде су температурасы өзгермеген. Алайда қысқы кезеңде қақаған қыс болмаған. Осылайша, негізгі қысқы кезең жылы болды. Бұл – апат, - деді ол.

Профессор айтқандай, Каспий теңізінде қысқы кезеңде судың үстіңгі қабаты қызып тұрады.

Көлденең циркуляция мүлдем жүрмейді. Сондықтан биогендермен тыңайтылған төменгі қабаттар үстіне көтеріле алмайды. Осылайша, теңіздің биоөнімділігі төмендеп кетеді. Қазірдің өзінде үстіңгі қабатындағы минералды азоттың концентрациясы 60 жыл бұрынмен салыстырғанда 50 есеге аз. Бұл жаһандық жылынуға қатысты тенденция Каспий теңізіне әсер етіп жатыр деген сөз, - деді Аркадий Сокольский.

Ол атағандай, тереңдету жұмыстарын көп жылдар бойы жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берген каналдарды тазалау деп атауға болады.

Олар кемелердің қозғалысына қатысты жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл тазалау солтүстік Каспийдің 3 пайыз ғана алаңын алады. Ол оның биологиялық өнімділігіне әсер ете алмайды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы