9 қыркүйек күні Исатай ауданына қарасты Забурын ауылы маңындағы Каспий теңізі акваториясында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Ақ Жайық"-қа сілтеме жасап.
Балық қорғау инспекторларының қуғыны кезінде қайықтағы ер адамдардың бірі есінен танып, көп ұзамай қайтыс болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, өлімге жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болған. Дегенмен нақты қорытындыны сараптама анықтайды.
Марқұмның денесін қалаға жеткізуге әрекет жасалғанымен, жолда полиция қызметкерлері қайықты тоқтатқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Облыстық балық инспекциясы бұл жағдай бойынша расталған ақпараттың жоқ екенін атап өтті.
Бұл – жалған мәлімет. Егер шынымен осындай жағдай болса, барлығы хабардар болар еді. Адам өлімі – үлкен қасірет, туыстары да мұны назардан тыс қалдырмас еді, – деді ведомство өкілдері.
Ресми түсініктемелер әзірге берілген жоқ.